Тәрбие жоспарын іске асыру барысында:

  1. Жастар тәрбиесі ел мен жер тұтастығын, ел тәуелсіздігін қадірлеуге, ар-ұят, намысты жоғары ұстауға, адал еңбекпен қызмет етуге, қоғам игілігі үшін азаматтық белсенділік танытуға, жауапкершілікті саналы түсінуге, салауаттық, зияткерлік құндылықтарына негізделген тәрбиеге басымдық беруге;
  2. Ел болашағы үшін маңызды буын екендіктерін сезінуіне, отбасы алдындағы парызын, Отан алдындағы борышын өтуге белсенділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік тәжірибелер мен жобаларға жастарды тартуға;
  3. Ұлттың тарихи сана-сезімін жаңғыртудың маңыздылығы, тарихи төл шежіресін дәріптеуге айырықша мән бере отырып, халқымыздың ата-бабадан мирас болып қалған мұрасын дәріптеу, ұлттың кодын сақтауда жастардың бойындағы рухты ояту, отаншылдық пен мемлекетшілдік сезімдерін арттыруға бағытталған шаралар ұйымдастыруға;
  4. Отбасы құндылықтарын дәріптеуге, отбасын құруға жауапкершілікті түсіндіруге бағытталған іс-шараларға тартуға;
  5. Адал еңбекті жоғары бағалауға, еңбек адамын құрметтеуге бағытталған іс-шараларға тарту, кәсіптік бағдарын дұрыс анықтауға қолдау көрсету ұсынылады.

Ұлттың жаңа келбетін қалыптастыратын құндылықтар жастар тәрбиесіндегі басты бағдар ретінде айқындады.

  • Тәуелсіздік және отаншылдық
  • Бірлік және ынтымақ
  • Әділдік және жауапкершілік
  • Заң және тәртіп
  • Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік
  • Жасампаздық және жаңашылдық

Мақсаты:

  1. Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.
  2. «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асыру;

Міндеттері:

  1. Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу;
  2. Отанға, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
  3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;
  4. Адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту;
  5. Табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу;
  6. Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту;
  7. Елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату;
  8. Отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру; өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын болуға баулу;
  9. Әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу;
  10. Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру;
  11. Басқалармен қарым-қатынаста адал әрі әділ болуға және әдептілік нормаларын ұстануға тәрбиелеу; өз іс-әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершілікті түсінуге тәрбиелеу; еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;
  12. Біреудің еңбегі мен мүлкін құрметтеуге тәрбиелеу;
  13. Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау;
  14. Әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету; білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру; ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету;
  15. Отбасын білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесіне тарту.