Байкенжеева Индира Кайратовна

– 1989 жылы 29 қараша Түркістан қаласында туылған

– 2007 жылы Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің экономика факультетіне оқуға түсіп, 2011 жылы менеджмент мамандығы бойынша бітірген

– 2012-2015 жылдар аралығында Алматы қаласы ТОО «Alugal» компаниясында кассир қызметін атқарған

– 2016-2018 жылдар аралығында Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде материалдық бухгалтер

– 2018 жылдың наурыз айынан бастап бас бухгалтер қызметін атқарып келемін.

  • Телефон нөмірі: +7775 269 01 00
  • Почта: indira_89_29@mail.ru
  • Facebook: Байкенжеева Индира
  • Instagram: indira_89_29

Тобагабылова Арайлым Пернебековна

– 1991 жылы 26 шілдеде Кентау қаласында туылған

– 2009 жылы Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің экономика факультетіне оқуға түсіп, 2013 жылы есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген

– 2013-2019 жылдар аралығында «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде мұғалім қызметін атқарған

– 2019 жылдан бастап есеп-қисап бөлімінде материалдық қызметін атқарып келемін.

  • Телефон нөмірі: +77057851455
  • Почта: arayka_2020@mail.ru
  • Facebook: Тобагабылова Арай
  • Instagram: arayka91013

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледж филиалының есеп-қисап бөлімі құрылымдық бөлім болып табылады және негізгі қызметі кірістер түсімі мен шығыстар жоспарлау, студенттердің (оқушылардың) оқу төлемақысы сметасын жасау, штаттық кестені құру, алдағы мерзімдерге жоспар жобаларын әзірлеу, жалпы кәсіпорынның қаржы-шаруашылық іс-әрекетінің есебін жүргізу және талдау болып табылады. Өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамаларын, оның ішінде ҚР «Еңбек Кодексі», «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Бухгалтерлік есеп туралы» заңдарды, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттарын, «Қазыналық кәсіпорындардың мемлекеттік емес қызметкелері мен жұмысшыларының санатына жатпайтын мемлекеттік мекемелердің жұмысшылардың еңбекақы жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 11.01.2002 жылғы №41-ші қаулысын, ҚР Білім және ғылым министірлігінің нормативті-құқықтық құжаттар, университет Жарғысын, Педагогикалық кеңес шешімдері, университет Президенті мен колледж директорының бұйрықтары мен өкімдерін, ішкі тәртіп ережелерін басшылыққа алады.

Бекітілген штаттық кестеге сәйкес есеп-қисап бөлімі төмендегі мамандардан құралады:

– Бас бухгалтер

– Материалдық бухгалтер

ФУНКЦИЯЛАРЫ

  1. Мүлік міндеттемелері және шаруашылық операциялар есебін ұйымдастыру.
  2. Қызметкерлермен, жинақтаушы зейнетақы қорларымен есеп айырысу және еңбекақы ұсталымдары есебін жүргізу.
  3. Негізгі және айналым қорлары, амортизация есебін ұйымдастыру.
  4. Қаржы кіріс мен шығысының синтетикалық және аналитикалық есебін ұйымдастыру.
  5. Колледждің қаржы-экономикалық іс -әрекетін экономикалық талдау.
  6. 6.Өнімнің, атқарылған жұмыс пен көрсетілген қызметтің өзіндік құны есебі мен калькуляциясын жүргізу және оларды өндіруге кететін шығындар есебін ұйымдастыру.
  7. Қаржылық есеп беру.

 МІНДЕТТЕРІ

  1. Кіріс көздері бойынша құрылымдық бөлімдерге бөлу бойынша жиынтық жоспарды құру және бекіту .
  2. Бюджеттер бойынша жиынтық штаттық кестені құрылымдық бөлімдер бойынша құру.
  3. Ақылы негізде білім алатын студенттердің оқу төлемақысы сметасын жасау және көрсетілген қызмет пен өнімдердің өзге түрлерінің калькуляциясын әзірлеу.
  4. Өнімнің және атқарылған жұмыс пен көрсетілген қызметтің өзіндік құны есебін және оларды өндіруге кететін шығындар есебін жүргізу.
  5. Әдістемелік ұсыныстар мен нормативтік актілерге сай қаржылық мәселелер бойынша ереже әзірлеу.
  6. Іс-құжат номенклатурасын белгіленген тәртіп бойынша жүргізу.
  7. Қолданыстағы нормативтік актілерге сай колледж қызметкерлеріне еңбекақы аудару және берудің есептік жұмыстарын жүргізу.
  8. Салықтарды мендетті төлемдер мен зейнеткерақы жарналарын есептеу, ұстау және дер кезінде аудару.
  9. Бюджет бойынша студенттерге стипендия аудару және беру.
  10. Ақылы негізде білім алатын студенттердің оқу төлемақысы бойынша есеп жүргізу.