Оқытушыларды қолдау үшін ақпараттық-әдістемелік базаны құру, олардың кәсіби біліктілігін және өздігінен білім алуын жетілдіру.
Әдістемелік кабинеттің міндеттері:
- Пәндік комиссиялардың қызметтерін ақпараттық қолдауын қамтамасыз ету;
- Оқу барысына ақпараттандыру бағдарламасын енгізуде әдістемелік көмек көрсету;
- Кәсіби-тұлғалық бағытта ақпаратты тұтыну сұраныстарын қанағаттандыру;
- Колледж оқытушыларының педагогикалық шеберліктерін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру;
- Жаңа педагогикалық тәжірибені жалпылау бойынша жұмысты жалғастыру;
- Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту мақсатында оқытудың жаңа әдістерін белсенді енгізу;
- Өздігінен білімін жетілдіру тақырыптарымен оқытушылардың жұмысын белсенді ету;
- Әдістемелік жұмыстың түрлерін әр түрлі ету.
- Білім беру барысында кешенді оқу-әдістемелік жасау және жаңартуда оқытушыларға көмек көрсету;
- Озық педагогикалық тәжірибені, қазіргі заманның әдістемелерін және оқыту технологияларын оқу, жүйелендіру және тарату;
- Жаңашыл, сараптамалық жұмыстарды, жаңашыл жобалардың іс-әрекетін дайындау және өткізу;
- Педагогикалық қызметті жетілдіруде оқытушыларға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету;
- Педагогикалық қызметкерлердің, біліктілігін арттыру және кәсіби қайта дайындауын ұйымдастыру;
- Оқушылар мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
- Колледждің тиімді жұмысы үшін мөлшерлік-құқықтық құжаттарын жасау;
- Редакциялық-баспалық қызметті ұйымдастыру;
- Оқушыларды оқытудың сабақтан тыс түрлерін жетілдіру.
- Әдістемелік кеңес мәжілістері
Мақсаты: Педагогикалық және оқытушы мамандардың кәсіби деңгейін арттыру
- «Жас маман» отырыстары
Мақсаты: Іс жүзінде табысты қолдануы үшін, жас мамандардың кәсіби және ұстаздық ептіліктері мен машықтарын қалыптастыру.
- Педагогикалық оқулар
Мақсаты: Психологиялық – педагогикалық құзыреттілігін арттыру
- Біліктілік арттыру курстары, тағылымдары
Мақсаты: Кәсіби – педагогикалық құзыреттілігін арттыру, жаңа өндірістік технологияларды, жабдықтарды оқу.
- Оқытушыларды аттестаттау
Мақсаты: Оқытушы мамандардың педагогикалық және кәсіби деңгейін арттыру, ұстаздық тәжірибелерді жалпылау және тарату.
- Ғылыми–тәжірибелік конференцияларға, байқауларға, олимпиадаларға қатысу
Мақсаты: Оқытушылардың ғылыми-әдістемелік және ғылыми – зерттеулік шамасын арттыру. Оқушылардың зерттеулік қызметін және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Колледжде оқытушылар мен оқушылардың оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бағытында 5 пәндік (циклдік) комиссия бірлестігі: «Филологиялық», «Бағдарламалау және дизайн», «Агроөндірістік», «Гуманитарлық», «Әлеуметтік және педагогикалық» жұмыс істейді. Жыл сайын пәндік (циклдік) комиссия бірлестіктерінің тарапынан тиімді тәсілмен педагогтар қызметін ынталандыру, сондай-ақ студенттердің ой-өрісін кеңейту мақсатында оқытылатын пәндер мен болашақ кәсіби қызметтің пәндік апталығы, 10 күндік, айлық іс-шаралар өткізу арқылы қызығушылығын арттырады. Іс-шара барысында жастарға мәдени эстетикалық тәрбие беру бағытында ашық сабақтар, ашық тәрбие сағаттары, сабақтан тыс іс-шаралар, дөңгелек үстелдер, кітапханада оқырмандар конференциясы, түрлі конкурстар ұйымдастырады. Айлық, апталық іс-шаралардағы оқытушылардың материалдарын жинақтап, әдістемелік жинаққа енгізеді.
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 72 бұйрығы, «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағының 12,14) тармақшасы, 14-бабына, 15-бабының 1-тармағының 3) тармақшасы негізінде 2023-2024 оқу жылында 8 педагог-сарапшы, 10 оқытушы педагог-модератор санатына өтсе, 2 оқытушы педагог-модератор санатын растады.
«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі оқытушыларының
2024-2025 оқу жылындағы сапалық үлесі
Ғылым кандидаты – 2
Педагог-зерттеуші – 4
Педагог-сарапшы – 13
Бірінші санат – 1
Магистр дәрежесі – 19
Педагог-модератор – 17
Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес «Көптілділікті іске асыру – бүгінгі күннің талабы» тақырыбындағы аймақтық оқыту семинарында оқытушылардың «Өрмекші» ойынын тәжірибе жүзінде көрсету сәті.
Әдіскердің жас мамандармен «Жаңа сабақты өтуге сабаққа қажетті құралдар мен әдіс-тәсілдерді таңдау» тақырыбындағы семинарда әдіс-тәсілдерді үйрету сәті.
Жас мамандармен ашық сабақтар мен ашық тәрбие сағаттарын талдау