Білікті оқытушылар

Қабылдау

Жаңалықтар

ӘДЕБИ ШЫҒАРМА ЖӘНЕ ТІЛДІК САУАТТЫЛЫҚ: АШЫҚ САБАҚ

Колледжімізде орыс әдебиеті пәнінен К. Паустовскийдің «Бескорыстие» шығармасы және «Однородные члены предложения» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.Сабақ барысында заманауи оқыту әдістері мен интерактивті тапсырмалар тиімді қолданылып, студенттер өз білімдерін, ізденімпаздықтары мен белсенділіктерін көрсетті.Ашық сабақтың негізгі мақсаты – студенттердің тілдік сауаттылығын арттыру, әдеби шығарманың мазмұнын терең түсіндіру, сонымен қатар адамгершілік, мейірімділік, ізгілік пен риясыз жақсылық жасау құндылықтарын дәріптеу.Сабақ мазмұнды әрі танымдық бағытта ұйымдастырылып, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.

🚀 SMART BALA – ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ!

Колледж студенттері арасында «SMART BALA» жобасы аясында Жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып, TEDx форматындағы «Startup Pitch» тренингі өткізілді.Тренингтің негізгі мақсаты – жастардың креативті ойлау қабілетін дамыту, тың идеяларын қолдау және стартап жобаларды әзірлеу дағдыларын қалыптастыру.Кездесу барысында қатысушылар өз идеяларын ортаға салып, оларды жүзеге асыру жолдарын талқылады. Сонымен қатар, жобаларын көпшілік алдында сенімді таныстыру мен қорғаудың қыр-сырын меңгеріп, кәсіпкерлік бағытта жаңа білім мен тәжірибе жинақтады.💡 Әрбір үлкен бастама кішкентай идеядан басталады. Бастысы – сол идеяға сену, оны дамыту және жүзеге асыруға батыл қадам жасау!

«ЭЛЕКТР ТОГЫ.ТІЗБЕК БӨЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ОМ ЗАҢЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

2026 жылғы 23 қазанда колледжімізде оқытушы Шарипова Зиеданың ұйымдастыруымен КДН-0926 тобының студенттеріне «Электр тогы. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.Сабақтың мақсаты – студенттерге электр тогы және тізбек бөлігіне арналған Ом заңы туралы түсінік қалыптастыру, заңның негізгі формулаларын меңгерту және оларды есептер шығаруда тиімді қолдануға үйрету. Сонымен қатар топпен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталды.Сабақ барысында студенттер тақырып бойынша білімдерін толықтырып, теориялық білімдерін есептер шығару арқылы бекітті.

МЕЙІРБИКЕ МЕН НАУҚАС: СЕНІМ МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Колледжімізде білім алушылар арасында «Мейірбике мен науқас арасындағы ынтымақтастық қағидаты» тақырыбында сауалнама жүргізілді.Сауалнаманың мақсаты – болашақ медицина мамандарының науқаспен қарым-қатынас жасау мәдениетін, өзара сенім, түсіністік пен сыйластықтың маңызын түсіну деңгейін анықтау.Мейірбике мен науқас арасындағы сенімді байланыс – сапалы медициналық көмектің маңызды негізі.

📚 КІТАПҚА 10 МИНУТ – ПАЙДАЛЫ ӘДЕТКЕ БІР ҚАДАМ!

Түркістан Ахмет Ясауи колледжінің кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Кітапқа 10 минут» оқу акциясы ұйымдастырылды.Акцияның басты мақсаты – студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, күнделікті кітап оқуды пайдалы әдетке айналдыру.Кітап оқуға бөлінген небәрі 10 минуттың өзі ой-өрісті кеңейтіп, сөздік қорды байытуға, жаңа білім алуға жол ашады. Сонымен қатар оқыған кітаптары бойынша пікір алмасып, өз ойларын ортаға салуға мүмкіндік береді.Өйткені кітап оқуға бөлінген әрбір минут – рухани дамуға жасалған қадам! 📖

ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ – ЖАРҚЫН ӨМІР КЕПІЛІ

2026 жылғы 4 қараша күні «Заң және тәртіп» қағидасы аясында өткізілетін «Есірткісіз болашақ» нашақорлыққа қарсы форум шеңберінде, 2–12 қараша аралығында ұйымдастырылған 10 күндік профилактикалық жоспарға сәйкес оқу ордамыздың №3 жатақханасында тәрбиеші С.Абдихадированың ұйымдастыруымен полиция қызметкерлерімен кездесу өткізілді.Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, есірткі заттарының заңсыз айналымы мен таралуының зияны туралы түсіндіру, сондай-ақ интернет арқылы есірткі саудасына тартылудың қауіпті тұстары жөнінде ақпарат беру. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері «Интернеттегі есірткі саудасының тұзағы» тақырыбында мазмұнды түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Олар қазіргі таңда әлеуметтік желілер мен түрлі интернет-платформалар арқылы есірткі заттарын заңсыз тарату әрекеттерінің белең алып отырғанын атап өтті. Әсіресе жастардың жалған жұмыс ұсыныстарына, оңай табыс табу туралы хабарландыруларға алданып, заңсыз әрекеттерге байқамай тартылып қалу қаупіне ерекше назар аударды. Сонымен қатар интернет арқылы есірткі жарнамалау, тарату, сақтау және тасымалдауға қатысудың заң алдындағы жауапкершілігі түсіндірілді. Полиция қызметкерлері күмәнді сілтемелер мен белгісіз ұсыныстардан аулақ болуға, жеке деректерді бөгде адамдарға бермеуге және құқыққа қайшы әрекеттерге кезіккен жағдайда тиісті органдарға хабарлауға кеңес берді. Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Ашық пікір алмасу форматында өткен шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, салауатты өмір салтын ұстануға және зиянды әдеттерден аулақ болуға бағытталды. Іс-шара соңында қатысушыларға есірткісіз өмір – жарқын болашақтың кепілі екені айтылып, әрбір жас өз өмірі мен болашағына жауапкершілікпен қарауы қажеттігі ескертілді.Басты мақсатымыз – есірткісіз қоғам қалыптастыру, жастардың қауіпсіздігі мен жарқын болашағын қамтамасыз ету!