«Филология әлемі: Көне жазудан жасанды интеллектке дейін» айлық іс-шарасының аясында 2026 жылғы 17 қарашада, сағат 13:30-да колледжімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ж.Ермаханның ұйымдастыруымен ЕТБ-0926-2 тобының студенттеріне Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – студенттерге жазушы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылық жолы туралы жан-жақты түсінік беру, «Тар жол, тайғақ кешу», «Көкшетау» шығармаларының идеялық-көркемдік ерекшелігін, тілдік құралдарын талдау арқылы кейіпкерлер бейнесін ашу, студенттердің сыни ойлау, талдау, пікір білдіру дағдыларын дамыту және ұлттық құндылықтар мен адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруға бағытталды.
Сабақ барысында студенттер шығарма желісі бойынша топтық жұмыстар орындап, кейіпкерлерге мінездеме беріп, шығармадағы заман көрінісі мен тәрбиелік мәнін талқылады. Заманауи әдіс-тәсілдер мен интерактивті тапсырмалар арқылы студенттер тақырыпты терең меңгеріп, білімдерін бекітті.

Comments are closed