2026 жылғы 16 қарашада «Digital Skills Week: Білім. Дағды. Инновация» апталық іс-шарасы аясында А.Халилаева мен А.Қуанышбектің ұйымдастыруымен ерекше форматтағы «ҚҰПИЯ КОД — ҰСТАЗДАР МИССИЯСЫ» педагогикалық квесті өткізілді.
🚀 Бұл жай ғана квест емес, ұстаздардың шығармашылығы мен цифрлық сауаттылығын ұштастырған, білім мен инновацияны біріктірген қызықты миссия болды!
Квест барысында қатысушылар:
✨ Заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолданып, шығармашылық тапсырмаларды орындады;
🎵 Ән мен би арқылы көтеріңкі көңіл күй сыйлады;
🤖 Жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін тәжірибе жүзінде сынап көрді;
💡 Өзара тәжірибе алмасып, жаңашыл идеяларымен бөлісті.
Әр кезең қатысушылардың тапқырлығын, ұйымшылдығын, жылдам шешім қабылдау қабілетін және цифрлық құзыреттілігін шыңдады.
🌟 Білім – ізденістен, дағды – тәжірибеден, инновация – батыл идеядан басталады!
Барлық қатысушыларға белсенділік танытып, ерекше атмосфера қалыптастырғандары үшін алғыс білдіреміз!

Comments are closed