1974 жылы 16 желтоқсанда Қазығұрт ауданы, Шарапхана ауылында туылған
1991 жылы Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің экономика факультетіне оқуға түсіп, 1995 жылы «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген
1995-1996 жылдары Алматы қаласындағы Ұлттық Ғылым Академиясының Экономика ғылыми-зерттеу институтында магистратурада оқыды
1996 жылдан бастап ХҚТУ-нің экономика факультетінде оқытушы, 1999-2004 жылдары декан орынбасары болып қызмет атқарған
2008 жылдан бүгінге дейін «ХҚТУ-нің жергілікті кәсіподақ комитеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
2010 жылдан ХҚТУ-ге қарасты «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің директоры қызметтерін атқарып келеді
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Білім саласының құрметті қызметкері» және «Ы.Алтынсарин» төсбелгілермен, Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрмет» грамотасымен және Түркістан қалалық әкімшілігінің «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған
Экономика ғылымдарының кандидаты
2016 жылдан Түркістан қалалық мәслихатының депутаты