Жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; баланың тәрбиеленуі, білім алу және жан-жақты қалыптасуы, ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, денсаулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру болып табылады.

Үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасындағы балалардың, және білімгерлердің Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.

Жас ұрпақтың тәрбиесіне қойылатын жаңа заман талабы – ол өз Отанын, елін құрметтейтін, өзін-өзі жетілдіру арқылы өмірлік мақсаттарына жете алатын, адамгершілік құндылықтарды қастерлейтін тұлғаны қалыптастыру үшін тәрбие үдерісін ұйымдастыруды кешенді түрде қарау.

Оқу орнымыздың тәрбие және ұйымдастыру бағыты бойынша жұмыс атқаратын барлық бөлімдердің, топ тәлімгерлері сапалы әрі патриоттық тәрбие беру бағыты бойынша, жастар саясаты саласында әлеуметтік-саяси, экономикалық, этносаралық байланысты дұрыс қалыптастыру және мемлекеттік саясатты түсіндіруге бағытталған іс-шараларды өткізуге.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледж филиалы тәрбие бөлімі өз қызметінде колледждегі тәрбие жұмыстарын, мәдени іс-шараларын, басқа кәсіптік оқу орындарымен қоғамдық байланыс, бөлімдердегі тәлімгерлер жұмыстарына басшылық жасау сараптау және талдау жұмыстарын жүргізеді.

Бекітілген штаттық кестеге сәйкес тәрбие бөлімі төмендегі мамандардан құралады.

  • Тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасары
  • Педагог-психолог
  • Әлеуметтік-педагог
  • Жастар комитетінің төрағасы
  • Кітапханашы
  • Іс-жүргізуші

Тәрбие жұмысының негізгі 12 бағыты

  • Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
  • Рухани – адамгершілік тәрбиесі
  • Отбасы тәрбиесі
  • Өзін – өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру
  • Әлеуметтік мәнді және жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру
  • Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру
  • Экологиялық тәрбие
  • Эстетикалық тәрбие
  • Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын қалыптастыру
  • Еңбек және экономикалық тәрбие
  • Кәсіби шығармашылық тәрбие
  • Интеллектуальді мәдениетті қалыптастыру
slide 1
Image Slide 2
Image Slide 1
Image Slide 3
Image Slide 3
Image Slide 3
Image Slide 3
Image Slide 3
previous arrowprevious arrow
next arrownext arrow
Shadow