2026 жылғы 18 қараша күні колледж директорының міндетін атқарушы Д. Еркебалаевтың қатысуымен оқу ордамыздың ұл студенттерімен тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге директордың міндетін атқарушы Д. Еркебалаев, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш. Надирбаев, ұлдар кеңесінің төрағасы М. Кенжебаев және колледж студенттері қатысты.
Жиын барысында жастар тәрбиесі, студенттердің азаматтық жауапкершілігі, құқықтық сауаттылығы және колледждің ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.
Атап айтқанда, төмендегі бағыттарға ерекше назар аударылды:
🔹 Колледждің ішкі тәртіп ережелерін сақтау және студенттік жауапкершілікті арттыру;
🔹 Құқықбұзушылықтың, буллинг пен әлімжеттіктің алдын алу;
🔹 Салауатты өмір салтын ұстану, мәдени-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру;
🔹 Жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы маңызын түсіну және кәсіби шеберлікті шыңдау.
Кездесу барысында Д. Еркебалаев студенттерді білім алуға жауапкершілікпен қарауға, таңдаған мамандықтарын терең меңгеруге, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуға және колледждің ішкі тәртіп талаптарын сақтауға шақырды.
Осындай мазмұнды кездесулер жас ұрпақтың бойында тәртіп, жауапкершілік, сыйластық пен азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.
Тәртіпті ұрпақ – тәрбиелі қоғамның негізі!

#

Comments are closed