Құқықтану

Мамандық сипаттамасы

Бітіруші түлек құқық қорғау және құқық қолдану қызметінде заңгер лауызымы бойынша , сондай- ақ жоғары заңдық білімді дипломын қажет етпейтін: заңгер –кеңесші, төлқұжат беру орындарының қызметкері,тергеушінің көмекшісі, анықтаушы, кадр бөлімінің меңгерушісі,нотариус көмекшісі, мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының заң кеңесшісі, сондай- ақ ұйымдық сипатына қарамастан басқа да ұйымдардың заңгер –кеңесшісі қызметтерін атқара алады.

 
Түлек игеруі тиіс:

Гуманитарлық және әлеуметтік – экономикалық ғылымдар саласының әдістері мен алған білімдерін кәсіби қызмет барысында қолдана білу, құқықтың әр түрлі салаларының нормаларын түсіндіре алу, сауатты сөйлей білу, өз көзқарастарын негіздей білу, заңдық категориялар мен ұғымдарды айқындай алуы, құқық қорғау органдарының жүйесі, құрылымы, құзіреті туралы мағлұматы болу, нормативті –құқықтық актілерді кәсіби қызмет барысында қолдана білу, әртүрлі құжаттарды толтыра білу, азаматтық — құқықтық, әкімшілік – құқықтық, қылмыстық – құқық саласындағы заңдық проблемаларды шешу мүмкіндіктерін игеру тиіс.

Түлек білуі тиіс:

Құқық нормасының құрылымын, оның қолдану аймағын, кәсіби қызметті жүзеге асыру барысында оның өзара байланысы мен маңыздылығын түсіне білу, заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың құқықтарын қорғау нысанын, мемлекет түсінігі мен құрылымын, қызметін, сот органдары және оның қағидаттарын, ҚР–ның құқық қорғау органдарын, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын, іскерлік қарым – қатынас жасаудың психологиялық ерекшеліктерін, заңгер қызметінің кәсіби этикасының қағидаттарын, әр түрлі құжаттар дайындаудың негізгі ережелерін білуге тиісті;