Керімбек Іңкәр Уалиханқызы

— Туған жылы және туған жері 20.10.1983 жылы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылы.

— 2000-2005. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ «Есептеу техникасы және автоматтандырылған жүйелерді бағдарламалармен қамтамасыздандыру» мамандығын бітірген. 2010 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжінде қызмет атқарып келеді.

— Санаты: педагог-сарапшы

— Жалпы жұмыс өтілі: 19 жыл

— Аталған еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 14 жыл

Телефон: +7 705 767 77 83

Почта: kerimbek_inkar@mail.ru

Дүйсенбай Фариза Мұхтарқызы

«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің әдіскері

1998 жылы Жаңақорған ауданында туылған

2016-2020 жж. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «5В011100-Информатика» мамандығы бойынша бакалавр 2020-2022жж. «7М01557-Информатика» мамандығы бойынша оқып, педагогикалық ғылымдар магистрі атанды

2023 жылы «Педагог-модератор» санатына өтті

2024 жылы Түркістан облысы, Білім беруді дамыту орталығының директоры Б.Төлімбеттің алғыс хатымен марапатталды

2020 жылдан «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде арнайы пәндер оқытушысы және әдіскер қызметін атқаруда

2021-2022 және 2022-2023 оқу жылдарында «Мобильді қосымшаларды құру» құзыреттілігі бойынша Worldskills облыстық чемпионатына студент дайындап жүлделі 3 орынды иеленді

Телефон нөмір: +77713239833

Почта: fduisenbai@mail.ru

Facebook: Дүйсенбай Фариза

Instagram: farizash__

      БӨЛІМ ТАРИХЫ

      Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің “Түркістан Ахмет Ясауи” кәсіби колледжінің “Ақпараттық жүйелер” бөлімі колледж директорының №3/03 бұйрығымен 2010 жылы құрылған. Бөлімнің алғашқы меңгерушісі қызметін Мырзабаева Дәулеткүл Жорабекқызы атқарды.

      Цифрлық технологиялардың даму талаптарына сәйкес, 2011 жылдың қыркүйек айында бөлім атауы өзгертіліп, “Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыздандыру” бөлімі болып қайта құрылды. Осы кезеңде бөлім меңгерушісі қызметіне Дүйсембеков Зерек тағайындалды.

      Колледждің білім сапасын арттыру және IT бағытын дамыту мақсатында 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап бөлімге жетекшілік ету міндеті І.Керімбекке жүктелді. Бүгінгі күнге дейін бөлімнің стратегиялық дамуы, оқу бағдарламаларын жаңғырту, материалдық-техникалық базаны жетілдіру және білікті мамандар дайындау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

Бөлім өз қызметін бастаған сәттен бастап өңірде ақпараттық технологиялар саласы бойынша кәсіби мамандар даярлауға үлес қосып, заманауи талаптарға сай білім беру үрдісін қалыптастыруда маңызды рөл атқарып келеді.

Бөлім мақсаттары мен міндеттері:

Колледждің әлемдік деңгейде бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ мамандардың рухани, интеллектуалды және физикалық мүмкіндіктерін ашуға жағдай жасау.

Бөлімшенің  басты міндеттері – Мамандықтың үлгілік оқу жоспары, заманауи нарықтың талаптары, бәсекеге қабілетті маманның тұлғасының талаптарына сәйкес кәсіби даярлықты қамтамасыз етуге жағдайларды құру.

1. Технологияларды енгізу, оқу процесіне оқу-әдістемелік, дидактикалық материалдарды және оқытудың ақпараттық технологияларының бағдарламалық жасақтамасын енгізу негізінде оқу сабақтарын өткізудің сапасын арттыру;

2. Білім алушылар мен педагогтерге зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін іске асыру үшін қажетті қызмет саласын ұсыну, үздіксіз өз бетінше білім алу қажеттілігін, белсенді азаматтық ұстанымды, денсаулық мәдениетін, әлеуметтік бейімделу қабілетін қалыптастыру;

3. Болашақ мамандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және жеке тәсіл негізінде олардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру;

4. Өзіндік шығармашылық қызметті күшейту, студенттердің түрлі деңгейдегі конкурстарға, олимпиадаларға, конференцияларға қатысуының нәтижелілігін арттыру;

5. Студенттердің ата-аналарымен үздіксіз жұмыс жүргізу;

6. Нормативтік құжаттар талаптарына сай ТжКББ қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру сапасын қамтамасыз ету, колледж іс-қағаздарын мемлекеттік стандартқа сай жүргізу.

Бөлімшеге қарасты білім бағдарламасы бөлінісінде студенттер саны: 764

3W06130102 Web-дизайнер

Мемлекеттік тапсырыс негізінде: 178

Ақылы негізінде: —

4S06130103 Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы

Мемлекеттік тапсырыс негізінде: 340

Ақылы негізінде: 25

3W06120101 Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы

Мемлекеттік тапсырыс негізінде: 139

Ақылы негізінде: —

4S02120203 Киім дизайнері

Мемлекеттік тапсырыс негізінде: 79

Ақылы негізінде: 1

1 курс

2 курс

3 курс

4 курс

Хабарландырулар

«STUDENT PARTY: ЕРКІНДІК ПЕН ЕСТЕЛІК КҮНІ» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Қараша айының 3-28 аралығындағы «Бағдарламалау және информатика» бірлестігінің «IT Start: Идеядан инновацияға» айлық іс-шарасы аясында 17 қараша Халықаралық студенттер күніне арналған іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың бір-бірімен қарым-қатынасын нығайту, еркін ойлау мен өзіндік пікір білдіру мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ студенттік өмірдің құндылықтары мен маңызын насихаттау.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ — ЖҮРЕКТЕН: «IT START: ИДЕЯДАН ИННОВАЦИЯҒА» АЙЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ІЗГІ ШАРА «Бағдарламалау және информатика» бірлестігінің «IT Start: Идеядан – инновацияға» айлық іс-шарасы аясында студенттермен бірлесіп қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты — студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, мейірімділік, жанашырлық және қолдау көрсету құндылықтарын дәріптеу. Сонымен қатар, қоғамдық бастамаларға белсенді қатысу арқылы олардың азаматтық ұстанымын дамыту көзделді. Бұл игі іс-шара студенттерге жақсылық жасаудың қуанышын сездіріп, қоғамға пайдалы әрекеттерге деген ынтасын арттыра түсті.

💻 ШЕБЕРЛІК САҒАТ: «ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕР ЖИНАУ»

2025–2026 оқу жылының 17 қарашасында «IT Start: Идеядан – инновацияға» айлық іс-шарасы аясында студенттерге арналған шеберлік сағат өтті.
Іс-шараға колледждің 1-курс студенттері қатысып, дербес компьютердің құрамдас бөліктерін тану, жинау және дұрыс конфигурациялау бойынша өз білімдері мен практикалық шеберліктерін жетілдірді.
Бұл тәжірибе студенттердің IT саласына деген қызығушылығын арттырып, техникалық дағдыларын нығайта түсті.