Есеп және аудит

Кәсіби іс-әрекеттің объектілері:

Бүгінгі күні бухгалтер мамандығы сұранысқа ие мамандықтардың қатарына жатпайтындығын жоққа шығаруға болмайды, дегенмен білікті –бухгалтер,кез- келген ұйымың кірісі мен шығысын есептейтін маман барлық жерде қажет –ақ. Егер сіздің математикалық қабілетініз болса, барлық уақытыңызды есеп –қисапқа арнап, төзімділік, ұйымдастырушылық қабілетініз болса онда Сіз бухгалтерлік есеп саласының ең таңдаулы маманы болатыныңыз сөзсіз.»Бухгалтерлік есеп» мамандығының бар кезде сұранысқа ие екендігіне таңғалатын ештеңе де жоқ. Кез- келген кәсіпорынды, бала бақшадан бастап, мұнайөңдейтін концернге дейін бухгалтердің көмегінсіз көзге елестете алмаймыз. Тіпті штатта екі адам болса, оның біреуі- бухгалтер болатыны сөзсіз. Бухгалтер –ревизор мамандығын сіз колледж табалдырығында да ала аласыз.

Бухгалтер мамандығы улкен жинақылық пен мұқияттылықты қажет етеді, себебі,- барлық кәсіби пәндер сандар, есептер мен кестелермен байланысты. Бухгалтерлік –есеп математиканы жақсы меңгерген,шыдамды адамдар үшін таптырмас мамандық.Кәсіби мамандықтар қатарында : экономикалық теория негіздері, сала технологиясын ұйымдастыру, микроэкономика, бухгалтерлік экономика теориясын тб, салаларды тереңірек оқытады. Бухгалтерлік есеп, қаржы және несие, бухгалтерлік есепті жүргізу, қаржыайналымы пәндерін тереңдетеді. Теориялық пәндер қатарынан оқу барысында «1С: Бухгалтерия», электронды база және электронды кестелермен жұмыс жасап үйренеді. Колледжді аяқтағаннан кейін түлек кәсіпорынның бухгалтер- көмекшісі ретінде қызмет атқара алады.Түлектің одан арғы кәсіби өсуі адамның өзіне тікелей байланысты. Көптеген түлектер жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастырады.

Бухгалтер білуге тиісті: