Тәрбие жоспарын іске асыру барысында:
- Жастар тәрбиесі ел мен жер тұтастығын, ел тәуелсіздігін қадірлеуге, ар-ұят, намысты жоғары ұстауға, адал еңбекпен қызмет етуге, қоғам игілігі үшін азаматтық белсенділік танытуға, жауапкершілікті саналы түсінуге, салауаттық, зияткерлік құндылықтарына негізделген тәрбиеге басымдық беруге;
- Ел болашағы үшін маңызды буын екендіктерін сезінуіне, отбасы алдындағы парызын, Отан алдындағы борышын өтуге белсенділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік тәжірибелер мен жобаларға жастарды тартуға;
- Ұлттың тарихи сана-сезімін жаңғыртудың маңыздылығы, тарихи төл шежіресін дәріптеуге айырықша мән бере отырып, халқымыздың ата-бабадан мирас болып қалған мұрасын дәріптеу, ұлттың кодын сақтауда жастардың бойындағы рухты ояту, отаншылдық пен мемлекетшілдік сезімдерін арттыруға бағытталған шаралар ұйымдастыруға;
- Отбасы құндылықтарын дәріптеуге, отбасын құруға жауапкершілікті түсіндіруге бағытталған іс-шараларға тартуға;
- Адал еңбекті жоғары бағалауға, еңбек адамын құрметтеуге бағытталған іс-шараларға тарту, кәсіптік бағдарын дұрыс анықтауға қолдау көрсету ұсынылады.
Ұлттың жаңа келбетін қалыптастыратын құндылықтар жастар тәрбиесіндегі басты бағдар ретінде айқындады.
- Тәуелсіздік және отаншылдық
- Бірлік және ынтымақ
- Әділдік және жауапкершілік
- Заң және тәртіп
- Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік
- Жасампаздық және жаңашылдық
Мақсаты:
- Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.
- «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асыру;
Міндеттері:
- Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу;
- Отанға, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;
- Адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту;
- Табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу;
- Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту;
- Елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату;
- Отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру; өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын болуға баулу;
- Әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу;
- Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру;
- Басқалармен қарым-қатынаста адал әрі әділ болуға және әдептілік нормаларын ұстануға тәрбиелеу; өз іс-әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершілікті түсінуге тәрбиелеу; еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;
- Біреудің еңбегі мен мүлкін құрметтеуге тәрбиелеу;
- Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау;
- Әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету; білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру; ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету;
- Отбасын білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесіне тарту.