Алыс жақын аудандардан келген студенттер осы жатақханаға орналасады. Студенттердің жатақханаларға орналасуына, алаңсыз оқуына қажетті жағдайлар жасалған. Жатақханада қазіргі заманның талаптарына сай ғаламтор желілеріне қосылған. Мұндағы кітапхана, оқу залы, буфет, жаттығу залы, кір жуу бөлмелері, жиналыс өткізетін бөлмелер студенттерге қызмет жасайды. Жатақхана ғимараты жанында жазғы спорттық кешендер және футбол алаңдары бар.
«Түркістан Ахмет Ясауи» колледжінің жатақханаға орналасқан студенттерінің ішкі тәртіп ережелері
Жалпы ережелер
- Жатақхананың ішкі ережелері оқу орнының әкімшілігімен құрылған және ол жатақхананың барлық тұрғындарына қатысты
- Ішкі тәртіп ережелері жатақхананың алдағы тәртіптерін нығайтуға ықпал етеді
- Жатақхана студенттердің оқу кезінде уақытша тұрғылықты орны болып табылады
- Жатақхана бөлмелері керекті жиһаздармен және қажетті құралдармен жабдықталған
- Жатақхананың және тұрмыстық бөлмелердің күн тәртібін оқу орнының әкімшілігі анықтайды
Жатақханадағы студенттердің құқығы мен міндеттері:
- Жатақхананың жүйеленген тұру тәртібін орындау;
- Берілген бөлме мен ондағы құрал-жабдықтарды қолдану, бөлмені ұқыпты және санитарлық үлгіге сай ұстау;
- Жатақхананың ішкі ережелерін қатаң сақтауға;
- Бөлмесіне, жабдықтарына дұрыс қарау және электр энергияны, суды үнемдеуге;
- Кестеге сәйкес күн сайын жатақхананың тұрғын жайларын, қажет болған жағдайда жатақхананың айналасын таза ұстау;
- Мәдени шараларға қатысу және оларды ұйымдастыруға белсене араласу;
- Өзінің жеке мүлкін сақтау;
- жатақхана ақысын келісімшартта көрсетілген уақыт бойынша төлеу;
- жатақханада орналасушылар сағат 23-00-де өз бөлмелерінде болуы тиіс;
- жатақханадан ұзақ мерзімге кету кезінде (ауырып қалу, демалыс) кезекшіге ескертіп, келу-кету журналына қол қойып белгіленіп кету;
Жатақханаға кіру және шығу тәртібі
- Жатақханаға кіру әкімшілікпен арнайы берілген рұқсатнамамен жүзеге асырылады
- Жатақханаға орналасушы электроқұралдарды, тұрмыстық техникаларды пайдалану және өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстырылады. Қауіпсіздік ережелерімен және тұру нормаларын комендант таныстырады. Жатақханаға орналасушы техника қауіпсіздік ережесі журналына тіркелу керек
- Жатақхананың тұрғындары әкімшіліктің шешімінсіз бір бөлмеден екінші бөлмеге өз бетімен ауысуға болмайды
- Оқудан шығарылған жағдайда әкімшіліктің шешімі бойынша, шығару бұйрығы шыққан соң 3 күн ішінде жатақхананы босатуы тиіс
- Оқуды аяқтап, қолына диплом алған кейін студент жатақхананы бір күн ішінде босатады
- Жазғы демалыс және тәжірибе кезінде тұрғындар бөлмені, алынған төсек орынды комендантқа тапсырып, жатақхананы босатады
- Тұрушылар тұру тәртібін бұзып және лайықсыз тәртіпсіздік фактілерін жіберу түрінде құқық бұзушылық жасаған жағдайда жатақханадан шығарылады
Жатақхананың тұрғындарына тыйым салынады:
- Жатақхананың тізімінде жоқ студенттерді, ата – анасын, туыстарын рұқсатсыз кіргізуге, бір түнге қондыруға
- Алкогольді ішімдікке
- Басқа бөлмелерге коменданттың рұқсатынсыз көшу
- Қоғамдық орындарда темекі тартуға
- Бөлмеде ит, мысықтарды басқа жануарларды ұстауға
- Терезеден қоқыстарды лақтыруға
- Терезеге заттарды және сөмкелерді ілуге
- Музыкалық аспаптарды қатты қоюға
- 23.00-ден 07.00-ге дейін ән салуға, радиоқабылдағыштарды, теледидарды қатты қосуға және тұрғындар демалысына бөгет жасауға тыйым салынады
- Әкімшіліктің рұқсатынсыз дискотека құруға
- Өз қалауымен бөлмелердің кілттерін ауыстыруға болмайды
Алғыстар:
- Егер жатақхананың ішкі ержелерін сақтап, мәдени шараларға қатысып, жатақхананың жақсаруына ат салысса әкімшілік тарапынан алғыс жарияланады немесе сыйлықтар табыс етіледі
Белгіленген тәртіптерді бұзғаны үшін төмендегідей жазалар қолданылады:
- ескерту
- сөгіс
- жатақханадан шығарылу
Басқада шарттар:
- Жатақхана қыздар және ерлер болып бөлінеді
- Қыздар мен ерлер бөлек-бөлек қабаттарда орналастырылады және бөлек есіктен кіріп шығады
- Жатақханада тұратын студенттердің бөлмесі мен заттарын қауіпсіздік, тазалық және жатақхана ережелеріне сәйкестігін анықтау мақсатымен топ жетекшілері,колледж медбикесі тексере алады
Жатақханаға тіркелген студенттер:
- Сабақ басталған күннен бастап 20 күн ішінде жатақханаға орналасқан студенттер бір жылдық жатақхана төлем ақысын 100% төлейді
- Екінші айдың соңына дейін жатақханаға орналасқан студенттер жылдық төлем ақының 85% төлейді
- Екінші айдан кейін орналасқан студенттер жатақхана төлем ақысын 75% төлейді
- Екінші семестірде жатақханаға орналасқан студенттер жылдық төлем ақының 50% төлейді
Жатақханаға тіркелген студенттер жатақханадан шығатын болса:
- Оқу жылының алғашқы күнінен екінші аптаның соңына дейін жатақханада тұрған болса жылдық төлемақының 90% қайтарып ала-алады.
- Төртінші аптаның соңына дейін тұрғандар төлемақының 70% қайтарып ала-алады.
- Сегізінші аптаның соңына дейін тұрғандар жылдық төлемақының 40% қайтарып ала-алады.
Ескерту төменде көрсетілген жағдайларға байланысты беріледі
- Студентке лайықсыз қылықтар, іс-әрекеттер жасаса
- Адамдармен қарым-қатынаста дөрекі және әдепсіз әрекеттер, жатақхана қызметкерлерінің намысына тиетін қылықтар жасаса
- Айналасын таза ұстамаса
- Қатты дауыс шығарып айқайласа, музыкалық аспаптардың даусын қатты қойса,маңайындағылардың тынышын алса
- Жатақхана коменданты және тәрбиешілері талабын уахытылы орындамаса
- Студенттік жатақхан туралы міндеттемеде жазбаша түрде көрсетілген талаптарды орындамаса
- Бөлмеде тамақ пісіріп, электр пеші сияқты құралдарды пайдаланса
- Жатақхана ішінде сауда-саттық жасаса жатақхана мүлкінің орнын рұқсатсыз ауыстырса
Қатаң сөгіс төменде көрсетілген жағдайларға байланысты беріледі
- Ескерту берілген тәртіп бұзықшылықты қайталаса
- Рұқсатсыз кету және 2-күн жатақханаға қонбау