2025 жылдың __ желтоқсан күні оқу ордамызда жалпы студенттер құрамының қатысуымен «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында жиналыс өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Түркістан қалалық полиция басқармасының ЖПҚ ЮПТ учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Б. Мейрханов, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев, сондай-ақ колледж студенттері қатысты.
Жиналыс барысында келесі маңызды мәселелер қаралды:
– Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық түрлері және оның салдары;
– Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндіру;
– Заң талаптарын сақтау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру;
– Әлеуметтік желілердегі тәртіп және кибербуллингтің алдын алу;
– Студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
Полиция лейтенанты Б.Мейрханов құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары жөнінде нақты мысалдар келтіріп, заң нормаларын студенттерге түсінікті түрде жеткізді. Іс-шара барысында ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында сұрақ-жауап өткізілді.
Мұндай шаралар – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастырудың, тәртіпті нығайтудың және құқықбұзушылықтың алдын алудың тиімді құралдарының бірі болып табылады.

#

Comments are closed