2025 жылғы 17 желтоқсан күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде Түркістан қалалық полиция басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен 1-курс студенттеріне арналған құқықтық түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Кездесуге Түркістан қалалық полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік басқармасының аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Шадманов Икрам, полиция майоры Зейнешов Сағи, ҚҚБ ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Мейрханов Бағдат, сондай-ақ колледж директорының өндірістік жұмыстар жөніндегі орынбасары Жақыпбеков Бақытбек және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Надирбаев Шохан қатысты.
Кездесу барысында студенттерге:
• қазіргі таңда жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқықбұзушылықтар мен қылмыстық әрекеттердің түрлері;
• құқық бұзған жасөспірімдерге қолданылатын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары;
• буллинг пен кибербуллингтің зияны;
• алаяқтықтың алдын алу, темекі және басқа да зиянды заттардан аулақ болудың маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Іс-шараның басты мақсаты – кәмелеттік жасқа толмаған жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамға қарсы әрекеттердің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау.

#

Comments are closed