«Бағдарламалау және информатика» бірлестігінің «IT Start: Идеядан – инновацияға» айлық іс-шарасы аясында студенттермен бірлесіп қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты — студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, мейірімділік, жанашырлық және қолдау көрсету құндылықтарын дәріптеу. Сонымен қатар, қоғамдық бастамаларға белсенді қатысу арқылы олардың азаматтық ұстанымын дамыту көзделді.
Бұл игі іс-шара студенттерге жақсылық жасаудың қуанышын сездіріп, қоғамға пайдалы әрекеттерге деген ынтасын арттыра түсті.

Comments are closed