2025 жылғы 21 қараша күні колледж педагог-психологы А.Тасболатқызы білім алушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында анонимді сауалнама жүргізді.
Сауалнамаға 1–4 курс аралығындағы 253 студент қатысты.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша оқу орнында студенттер арасында құқықбұзушылыққа қатысты қандай да бір жағымсыз фактілер анықталған жоқ. Бұл – колледжде қолайлы психологиялық ахуал қалыптасқанын және профилактикалық жұмыстардың жүйелі әрі тиімді түрде жүргізіліп жатқанын көрсетеді.
Алынған нәтижелер алдағы уақытта да құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастырып, білім алушылар үшін қауіпсіз және жайлы білім ортасын қамтамасыз етуге негіз болады.

Comments are closed