Бүгін колледжде студенттер арасында «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жиыны өтті.
Іс-шараға Түркістан ҚПБ-ның ҚҚБ УПИ полиция капитаны Ш.Сламхан, Түркістан ҚПБ ЖПҚ ЮПТ учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Б.Мейрханов, сонымен қатар колледж әкімшілігі: өндірістік бөлім жөніндегі орынбасары Б.Жақыпбеков, оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Д.Еркебалаев, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев, ұлдар төрағасы М.Кенжебаев, педагог-психолог А.Тураева, әлеуметтік педагог Б.Тұрсынхан, оқу топ жетекшілері және студенттер қатысты.
Жиын барысында келесі негізгі бағыттар талқыланды:
• Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу
• Буллинг және кибербуллинг мәселесі және оның алдын алу жолдары
• Колледждің ішкі тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығы
Іс-шараның мақсаты: кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу, жастарды ізгілікке, тәртіпке, жауапкершілікке тәрбиелеу, қауіпсіз қоғам қалыптастыру.

#

Comments are closed