2026 жылғы 9 ақпан күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде «Киім дизайны» мамандығы пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен «Қоғамдық мүлікті қорға» тақырыбында вандализмге қарсы плакаттар, граффити және иллюстрациялар жасауға арналған шығармашылық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың азаматтық жауапкершілігін арттыру, қоғамдық мүлікті сақтау мәдениетін қалыптастыру және вандализмнің алдын алу мәселесіне қоғам назарын аудару.
Шара барысында студенттер өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете отырып, қоғамдық орындарды қорғау, тазалықты сақтау және ортақ құндылықтарға құрметпен қарау идеяларын көркем туындылар арқылы бейнеледі. Ұсынылған жұмыстар мазмұндық тереңдігімен, тәрбиелік мәнімен және көркемдік шешімдерінің ерекшелігімен дараланды.
Аталған іс-шара білім алушылардың әлеуметтік белсенділігін арттырып, қоғам алдындағы жауапкершілік сезімін нығайтуға бағытталды.

Comments are closed