Колледжде қыздар арасында өзекті мәселелерді талқылауға арналған жалпы жиналыс өтті. Жиналысқа қыздар төрайымы Н.Ибрагимова, колледж мейірбикесі Н.Әсіл және психолог А.Тураева қатысып, маңызды тақырыптар бойынша ақпарат берді.
Кездесу барысында қазіргі жастар арасында жиі кездесетін ерте жүктілік, әдеп пен тәрбие, буллинг және кибербуллинг сынды өзекті мәселелер жан-жақты қарастырылды. Студенттермен ашық пікір алмасып, олардың сұрақтарына жауап берілді.
Сонымен қатар, «Дені саудың – жаны сау» қағидасына сүйене отырып, тұмау мен қызылша ауруларының өршуіне байланысты алдын алу шаралары түсіндіріліп, жеке бастың гигиенасы мен денсаулықты сақтау маңыздылығы айтылды.
Жиналыс қыздардың саналы өмір салтын қалыптастыру, қауіпсіздік мәдениетін арттыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға бағытталды.

#

Comments are closed