2025 жылдың 14 қарашасында экономика пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен «Ұлттық валюта – Тәуелсіздік нышаны» атты танымдық іс-шара өтті.
Іс-шара барысында Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің тарихы, оның қалыптасу кезеңдері, экономикалық маңызы және Тәуелсіздіктің негізгі нышаны ретіндегі рөлі кеңінен түсіндірілді.
Шараның негізгі мақсаты – студенттердің отансүйгіштік сезімін арттыру, ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыру және экономикалық сауаттылығын дамыту болды.
Студенттер үшін қызықты әрі білімді ойындар ұйымдастырылды:
• «Ақша эволюциясы»
• «QR арқылы пазл құрастыр»
• «Банкноталарды сериясы бойынша сәйкестендір»
• «Маңдайға жазғанын көреміз»
Іс-шара студенттердің қызығушылығын арттырып, ұлттық валютамыздың қадір-қасиетін терең түсінуге мүмкіндік берді.

#

Comments are closed