Жаңару күніне орай колледж қызметкерлері игі бастама көтеріп, қоршаған ортаны көгалдандыру мақсатында көшет отырғызу жұмыстарын жүргізді. Табиғатпен үндескен бұл шара – тазалыққа, көркейтуге және болашақ ұрпаққа жасалған қамқорлықтың айқын көрінісі.
Әр отырғызылған көшет – ертеңгі жасыл желекке айналып, оқу ордамыздың ажарын аша түсері сөзсіз. Табиғатты аялау – баршамыздың ортақ міндетіміз екенін ұғындырған бұл игі іс ұжымның бірлігін де айқындай түсті.
Жаңару күні – тек табиғаттың ғана емес, жүректердің де жаңаратын сәті. 🌿

#

Comments are closed