2025 жылдың 09 желтоқсан күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің №3 жатақханасында өрт қауіпсіздігіне байланысты түсіндірме жұмысы өткізілді. Іс-шараны колледждің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Б. Садулла жүргізді.
Түсіндірме жұмысының негізгі мақсаты – жатақханада тұратын студенттердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын дамыту.

Іс-шара барысында студенттер:
– Өрттің негізгі себептері мен оның алдын алу жолдары туралы жан-жақты ақпарат алды;
– Төтенше жағдай туындағанда қалай әрекет ету керектігін үйренді;
– Өрт кезінде эвакуация ережелерімен және қауіпсіздік құралдарын қолдану тәсілдерімен танысты;
– Өздерін және айналасындағы адамдарды қорғаудың жолдарын меңгерді.

Мұндай профилактикалық шаралар студенттердің өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіптің алдын алу бағытында аса маңызды рөл атқарады. Колледж әкімшілігі оқу орны мен жатақханадағы қауіпсіздік талаптарының сақталуын басты назарда ұстайды.

Қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік!

#

Comments are closed