«Жалпы білім беру пәндері және дизайн» пәндік комиссиясының «Жасанды интеллект және жаңа Қазақстан» айлығы аясында ТКА-0925-1 тобының қатысуымен информатика пәнінің оқытушысы Г.Тлеубаева «Ежелгі Қосөзен» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында студенттердің қызығушылығын арттырып, белсенділігін дамыту мақсатында түрлі тиімді әдіс-тәсілдер қолданылды. Атап айтқанда:
🎯 «Ғажайып алаң» ойыны
🧩 «Кесте толтыру» әдісі
✅ «Ақиқат» және «Жалған» әдісі
🔗 Сәйкестендіру тапсырмалары
❓ «Викториналық сұрақтар»
💃 «Оюлар биі» сергіту сәті
📝 «Білімді стикер» әдісі
Сабақ барысында студенттер топтық және жеке жұмыстар орындап, тарихи тақырыптағы білімдерін бекітіп, өз ойларын еркін жеткізе білді.

Comments are closed