Қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен ұлтымыздың ұлы ұстазы, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келген Қазақстан халқы тілдері мерекесі колледжімізде жоспарлы түрде аталып өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты:
✅ Студенттерді ана тілін құрметтеуге, патриотизмге тәрбиелеу;
✅ Қазақстандағы ұлттар достығын дәріптеу;
✅ Тіл арқылы бірлікті нығайту, көптілділікке қызығушылықты арттыру.
📖 Ахмет Байтұрсынұлы: «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» – деген. Сондықтан ана тілімізді ардақтап, өзге ұлт тілдеріне де құрметпен қарау – баршамыздың ортақ парызымыз.
☘️ Тіліміз – татулықтың тірегі, бірліктің бастауы.
Баршаңызды Қазақстан халқы тілдері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

#

Comments are closed