Қыркүйек айының 16-ы күні Абай атындағы №31 жалпы орта мектебінде оқушылардың IT мамандығына қызығушылықтарын арттыру үшін бірегей кездесу ұйымдастырылды. Қатысушылар: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нен аға оқытушы Т.Назарбек бастаған топ пен Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжінің арнайы пән оқытушысы Халилаева Ақерке және Абай атындағы №31 жалпы орта мектеп оқушылары.
Іс-шара барысында:
1. 📊 IT саласындағы соңғы трендтер мен мүмкіндіктер жайлы ақпараттармен бөлісілді.
2. 🛠 Оқушыларды IT мамандығына тартудың инновациялық әдістері талқыланды.
3. 🎯 Жастардың болашақ мамандықтарын дұрыс таңдау жолдары мен мотивациялық кеңестер ұсынылды.
Бұл іс-шараның қатысушылары болашақта өз оқушыларын IT саласында жетістікке жетелеуде жаңа идеялар мен әдістемелермен жұмыс істейтін болады. 🔥
Біз үшін маңызды болған бұл кездесудің нәтижелері болашақта үлкен әсер береді деп сенеміз! 🙌

#

Comments are closed