“Әлеуметтік және педагогикалық” пәндік комиссиясының «Білімде жаңа тәсілдер, болашақта жаңа жетістіктер» айлығы аясында ЭЕА-0922 тобының кураторы Ұ. Тоқташева ұйымдастыруымен “Жақсы мінез – сарқылмас байлық” тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
🎯 Іс-шараның мақсаты — оқушыларға жақсы мінездің адам өміріндегі маңызын ұғындыру, мінез-құлық түрлерін өмірлік мысалдармен байланыстыра отырып талдау және үлгі тұтарлық тұлғаларды таныту.
🧠 Шара барысында студенттер адам бойындағы ізгі қасиеттерді саралап, өмірлік бағыт-бағдарын тереңірек ұғынуға мүмкіндік алды.
Жақсы мінез – тек жеке тұлғаның емес, қоғамның да рухани іргетасы.
💬 “Мінез – адамның айнасы” демекші, тәрбиелік мәні зор бұл тәрбие сағаты әрбір қатысушыға рухани серпіліс сыйлады.

Comments are closed