06 наурыз күні колледж кітапханасында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – ардақты есім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – аналарға құрмет көрсету, олардың мейірімі мен қамқорлығын дәріптеу, ананың қоғамдағы ерекше орнын насихаттау.
Көрме барысында ана тақырыбына арналған өлең шумақтары, қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер ұсынылып, ана мен бала арасындағы шексіз мейірім мен сүйіспеншілік көрініс тапты.
Бұл тағылымды шара қатысушылардың жүрегіне жылулық сыйлап, ананың қадір-қасиетін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. 🌷📚

#

Comments are closed