Колледжіміздің «Аспазшы» мамандығын жоғары деңгейде аяқтап, бүгінде «Техник-технолог» бағыты бойынша оқуын жалғастырып жатқан студентіміз Сержан Эльвира 2025 жылдың маусым айының 1-і күні Кентау қаласында өзінің алғашқы кәсібі — «Damdi men» атты кондитерлік тәттілер дүкенін ашты! 🎀✨
Бұл қуанышты жаңалықты ұстаздар қауымы да ортақ бөлісіп, шәкіртінің алғашқы кәсіби қадамына арнайы барып, шын жүректен құттықтап қайтты. 💐
Эльвира, еңбегіңнің жемісін көр! Ісің берекелі, кәсібің сәтті болсын!
Дәмді тағамың көптің көңілінен шығып, кәсібің өркендей берсін!
Біз әрдайым саған сенеміз, қолдаймыз және мақтан етеміз!

Comments are closed