15 қазан күні оқу ордамыздың студенттері Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрының актерлерімен шығармашылық кездесуге қатысып, рухани әсерге бөленді.
Кездесу барысында студенттер қазақ классикасының інжу-маржаны — «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» трагедиясының ерекше қойылымын тамашалады. Спектакль заманауи музыкалық сүйемелдеумен, көз тартар сахналық киімдермен және актерлердің шынайы ойынымен көрермендерді баурап алды.
Бұл қойылым жастардың ұлттық өнерге, мәдениет пен тарихқа деген қызығушылығын арттырды. Осындай рухани шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Comments are closed