Қазіргі уақытта жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осыған байланысты колледжімізде арнайы кездесу ұйымдастырылып, акушер-гинеколог Курбаниязова Сауле Абилгазиевна, колледж мейірбикесі Н. Әсіл және қыздар кеңесінің төрайымы Н. Ибрагимова түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
🔹 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, ерте жүктілік жасөспірімдердің денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді.
🔹 Сонымен қатар, бұл олардың білім алуына, болашақтағы мүмкіндіктеріне әсер етуі мүмкін.
🔹 Сондықтан жастармен денсаулықты сақтау, жауапкершілік және алдын алу шаралары туралы ашық сөйлесу өте маңызды.
💙 Өмірдің әр кезеңінде саналы шешім қабылдау – жарқын болашақтың кепілі!

Comments are closed