Қаңтар айының 27-сі күні 2024-2025 оқу жылының бірінші жартыжылдығы аяқталып, студенттер қысқы демалысқа шыққан уақытта онлайн сабақтары бар оқытушылардың қатысуымен арнайы семинар ұйымдастырылды. 🏫✨
🔹 Семинар барысында онлайн дәрістері бар оқытушылардың бейнесабақтарының түсірілімі мен порталға жүктелу тәртібі түсіндіріліп, оларды студенттерге қолжетімді ету тапсырылды.
🔹 Бейнесабақ түсіретін платформалар таныстырылып, олардың мүмкіндіктері көрсетілді.
🔹 Сонымен қатар, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің видеостудиясында бейнесабақтарды түсіру ұсынылды.
Бұл семинар оқытушыларға өз онлайн курстарын сапалы әрі қолжетімді етуге үлкен мүмкіндік береді деп сенеміз! 🚀📚
Comments are closed