📌 Байқаудың мақсаты — Түркістан облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және кеңінен насихаттау, Облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатының дамуына, елдің саяси және қоғамдық өміріне белсене араласып, зор үлес қосқан жас азаматтарды, түрлі салада өзінің білімімен, талантымен, белсенділігімен топ жарған жастарды анықтау және марапаттау.
⬇️«Түркістан жастары» премиясы төмендегі номинациялар бойынша өткізілмек
Аудан, қала жастары төмендегі бағыттар бойынша өтінім бере алады:
1. «Үздік жас мұғалім»
2. «Үздік жас дәрігер»
3. «Үздік жас спортшы»
4. «Үздік жас мемлекеттік қызметкер»
5. «Үздік жас бейбіт өмір батыры»
6. «Үздік жас кәсіпкер»
7. «Үздік жас тілші»
8. «Үздік жас полиция қызметкері»
9. «Үздік жас отбасы»
10. «Үздік жас ІТ маман»
11. «Үздік шығармашылық ұжым»
12. «Үздік жас оқушы»
13. «Таза Қазақстан» экологиялық жобасының үздік жасы
14. «Үздік жас әнші»
15. «Үздік жас жұмысшы маман»
16. «Үздік жас волонтер»
17. «Үздік жас студент»
18. «Үздік жас блогер»
19. «Үздік Жастар ресурстық орталығы КММ-нің маманы»
20. «Үздік Жастар ресурстық орталығы» КММ-і
✔️Байқауға қатысушы ретінде өтінімдерді Түркістан қаласы, Байбұрт 5, облыстық Жастар ресурстық орталығында «Талантты жастарды қолдау» бөліміне ағымдағы жылдың 08 желтоқсан күніне дейін өткізе аласыздар.
✨Байқауға соңғы 2 жылда жеңімпаз атанған жастар қатыса алмайды.
Өтініш берушілердің соңғы 1 жылдағы еңбегі қаралады.
Ұйымдастырушылар байқауға қатысушылардан ұсынылған құжаттардың түпнұсқасын және қосымша құжаттар сұратуға құқығы бар.
Қосымша ақпарат:
Нұрсейіт Ұлбосын
+7 775 397 05 05

Comments are closed