📅 03.02.2025 – 28.02.2025 аралығындағы «Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінде «Цифрлық мүмкіндіктер: ғылым мен дизайн тоғысында» тақырыбындағы айлық іс-шара жоспары жүзеге асырылуда.
🔹 Осыған орай, ВДН-0924 тобында математика пәнінің оқытушысы Балтабаева Замира «Бірінші тамаша шек» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
📌 Сабақтың мақсаты:
Бірінші тамаша шекті пайдаланып, функцияның нүктедегі шегін табу жолдарын меңгерту, есептеу дағдыларын қалыптастыру.
📈 Сабақ барысында:
✅ Білім алушылар бірінші тамаша шек ұғымын жан-жақты зерттеді.
✅ Есеп шығаруда түрлендіру әдістерін тиімді қолдануды үйренді.
✅ Жоғары белсенділік танытып, тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттырды.
🔹 Ашық сабақ студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, математикалық білімдерін тереңдетуге бағытталды.
📸 Сабақтан үздік сәттерді суреттерден тамашалаңыздар! 👇

#

Comments are closed