📅 Колледж білім алушылары арасында әлімжеттік пен бопсалаудың алдын алу, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
🔹 Кездесуге Түркістан ҚПБ ЖПҚ ЮПТ учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Б.Мейрханов және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев қатысты.
📌 Кездесу барысында:
✅ Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқықтық жауапкершілігі туралы түсіндірілді.
✅ Жастар арасында қылмыстың алдын алу және оның салдары жайлы айтылды.
✅ Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүруіне қатысты заң талаптары түсіндірілді:
• 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында болуға болмайды.
• 23:00-ден кейін көшеде жүруге тыйым салынады.
• Бірінші рет ескерту беріледі, қайталанған жағдайда айыппұл салынады және есепке алынады.
🔹 Кездесу жастардың заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке бейімделуі мен қоғамға оң көзқараспен қарауын қалыптастыру мақсатында өткізілді.
📸 Кездесуден суреттерді назарларыңызға ұсынамыз! 👇

#

Comments are closed