Түркістан қалалық полиция бөлімінде «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің студенттеріне арналған «Полицияда бір күн» атты ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты — жастарды құқық қорғау органдарының қызметімен таныстыру, қоғамдық тәртіп пен заңдылықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ болашақ мамандық таңдауға бағыт беру болды.
Кездесу барысында студенттер қазақстандық полицияның қалыптасу тарихымен танысып, бөлім ішіндегі арнайы бөлімшелердің жұмысымен жақыннан танысты. Сонымен қатар, олар әкімшілік ұсталғандарға арналған арнайы бөлмелерді көріп, құқық қорғау қызметінің жауапкершілігі мен талаптарын терең түсінді.
Іс-шара соңында студенттер полиция қызметкерлеріне пайдалы әрі танымдық ақпарат үшін өз алғыстарын білдірді.

#

Comments are closed