Әр адамның жадында ерекше естеліктермен жатталып қалған студенттік өмір ешқашан ұмытылмайды. Сәні мен салтанаты, мәні мен мағынасы мол өмірдің кейіпкерлері – оқу ордамыздың студенттері. Осы аталмыш мерекеде колледж жастарына арналып «Қызықты көңіл, студенттік өмір» мерекелік концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды. Алғашқы құттықтау сөз алған директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Еркебалаев студенттерді мерекемен құттықтап, студенттік өмірдің қызықты сәттер, мүмкіндіктері, қайталанбас тағылымдары жайлы айта келе, студенттік өмір – адамның жастық қуаты тасып, шаршау мен уайымды білмей, ізденумен, үйренумен, танысумен, табысумен өтетін ерекше шағы екендігін айтып, ізгі тілегін білдірді. Біздің жастарымыз алған білімін ақылмен, өнегемен, тән мен жанның сұлулығымен, парасаттылықпен ұштастырса, нұр үстіне нұр жауар. Оқу-білім үздіксіз еңбектің арқасында ғана жақсы нәтижеге, жоғары жетістіктерге жеткізеді.
Құрметті білім алушылар! Студенттік кезеңді мағыналы да, қызықты өткізулеріңізге тілек білдіреміз. Бастаған барлық бастамаларыңыз сәтті болсын! Студенттер күні құтты болсын!
Comments are closed