«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі мен «IT Tab» компаниясы арасындағы екіжақты келісім аясында «1С: Бухгалтерия Қазақстан (3.0)» бағдарламасы бойынша «Есеп және аудит» мамандығы білім алушыларына арналған 72 сағаттық оқу курсы өтуде.
Аталған курс білім алушылардың бухгалтерлік есеп саласындағы ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға және олардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған.
Курс соңында студенттер «1С: Бухгалтерия Қазақстан (3.0)» бағдарламасы бойынша бақылау емтиханын тапсырады. Емтихан қорытындысы бойынша белгіленген шекті балды жинаған білім алушыларға арнайы сертификаттар табысталады.
Бұл оқу курсы болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға және заманауи бухгалтерлік бағдарламаларды тиімді меңгеруіне мүмкіндік береді.

#

Comments are closed