Бүгін ТКА-0922-2 тобына топ кураторы Ж.Сүлейменованың ұйымдастыруымен Республика күні мерекесіне орай тәрбие сағаты өтілді.
Қазақстан Республикасына деген әрбір азаматтың мақтаныш сезімі мереке кезінде қалай болса да шалқитындай реті бар. Ата – бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап өткен Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері еліміз талай – талай асқарлы асуларды бағындырды. Өтпелі кезең ауыртпалықтарын бастан өткізіп, оңай тимеген экономикалық, саяси реформалар жүзеге асырылды. Қазақстанды бүгінде әлем жұртшылығы нарықтық экономикалы – демократиялық ел ретінде таниды. Елімізде халықтар достығы жақсы сақталып келеді.
Comments are closed