Тіл – ұлттық құжатымыз, тіл – кісілік келбетіміз. Тәуелсіздікті айрандай ұйытып отырған – мемлекеттік тіл. Саяси тұрақтылықтың да негізгі кілті – тілде жатыр. Мәртебелі  тілді ұлықтаған жиындардың мақсаты бір. Мемлекеттік тілдің негізгі факторы екенін ұғындыру. Елбасы Жолдауында да «ана тіліміз мәңгілік елімізбен бірге мәңгілік тіл болады. Қазақ тілін даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн», деп шегелеп айтқан болатын.

Қазақ тілі – әлемдегі 6 мыңға жуық тілдің ішінде қолдану өрісі жағынан 70-ші, ал тіл байлығы жағынан алғашқы ондықта.

Тілдер мерекесі күніне орай, колледжімізде арнайы тәрбие сағаттары өтіліп, тіл қадірі мен қасиеті жайлы ой-пікірлер алмасу өтті. Елімізде этностық, діндік, мәдени әртүрлілікке қарамастан, бүгінде өз тұрақтылығын сақтап, нығайтып келе жатқан мемлекетіміздің сипаты дәріптелді.

#

Comments are closed