«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде 2023-2024 оқу жылының жазғы сессиясы басталды. Білім алушылар аралық және қорытынды аттестаттауды тест, ауызша-жазбаша, демонстрациялық емтихан формасында тапсыруда. Тест формасындағы аралық аттестаттау автоматтандырылған тест тапсыру бағдарламасы арқылы студенттерден компьютерлерде алынуда. Білім алушылардың білімдерін жазбаша түрде қорытындылауды талап ететін пәндер мен модульдерден аралық аттестаттау жазбаша-ауызша формада қабылдануда. Демонстрациялық емтихан – білім алушыға меңгерген кәсіби құзыреттіліктерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік беріліп, теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде көрсете отырып әлеуметтік әріптестер мен оқытушылар тарапынан бағалануда.
Comments are closed