“Студенттік парламент” ұйымының төрайымы Д.Исанова мен “Саналы ұрпақ” ұйымының мүшелері «Біз адал және шынайы патриот ұрпақпыз!» тақырыбы аясында жиналыс өткізді. Жиналыс барысында патриоттық тәрбиенің маңызы, елге адал қызмет ету жолдары, және ұрпақтар арасындағы рухани сабақтастық мәселелері талқыланды. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, патриоттық сезімді нығайтудың түрлі тәсілдерін ұсынды. Жиналыстың басты мақсаты – жастар арасында адалдықты, шынайылықты және Отанға деген сүйіспеншілікті насихаттау. Мұндай кездесулер жастардың Отанға деген махаббатын арттырып, олардың адал, жауапты азамат болып қалыптасуына үлкен үлес қосады. Біздің ұрпақ адалдық пен шынайылықты өмірінің басты қағидасы етіп, еліміздің болашағын жарқын етуге ұмтылады!

#

Comments are closed