Бүгін оқу ордамыздың білім алушыларының қатысуымен «Есірткіге жол жоқ!» тақырыбында жиналыс өтті.
Жиналысқа Түркістан облысы полиция департаменті «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл» басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Бимаханов Марат Асылханұлы, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК-нің дәрігер психиатры (нарколог) Аметов Ұлықбек Тастанбекұлы, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы Өміртаева Жансая Ержанқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Надирбаев Шохан Ермаханұлы, педагог-психолог Г.Сауқымбаева, және колледж мейірбикесі Н.Әсіл, колледж 1-4 курс аралығындағы студенттері қатысты.
Кездесу барысында мамандар білім беру мекемесіндегі студенттік көшбасшылармен кездесіп, бүгінгі кездесудің мақсаты – әлемді жайлаған нашақорлық дертінің өршіп бара жатқандығы және адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналылыққа, салауатты өмірді таңдауға, тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға өмір салтын ұстануға үйрету. Ғасыр дерті болып саналатын зиянды әдеттер – темекі шегу, есірткі заттарды пайдаланудан аулақ болуға тәрбиелеу.
Кездесу соңында студенттер мен қонақтар арасында сұрақ-жауаптар орын алып, кеңес беру арқылы қорытындыланды.

#

Comments are closed