Бүгін “Филологиялық” пәндік бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан “Тіл – адам жанының тілмашы” апталығы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары “Ақын – елдің ардағы” атты әдеби кеш өткізді.
Кештің арнайы қонағы – Халықаралық «Алтын қалам» әдеби байқауының «Жылдың үздік поэзиясы» аталымының жеңімпазы, “Өлең—сөздің патшасы…” республикалық онлайн мүшәйрасының 1-орын иегері, «Сағыныш сыбыры» кітабының авторы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі жас ақын Дәурен Тілеухан болды.
Кеш барысында студенттер ақынның жүрек тебірентер жырларын мәнерлеп оқып, көкейдегі сұрақтарын қойып, поэзия әлеміне саяхат жасады. Жастар әдебиеттің көркем әлемін терең түсініп, ақын шығармашылығынан шабыт алды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақты қазақ поэзиясына баулу, ақындардың өнегелі өмір жолын насихаттау, көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Әдеби кеш әсерлі естеліктерге толы болып, студенттерге рухани азық сыйлады.

#

Comments are closed