2025 жылдың мамыр айында колледжде «Жұмысшы мамандықтар жылы» жоспарына сәйкес студенттерге «Электрондық еңбек биржасы» платформасы арқылы жұмыс орындарын іздеуді үйрету мақсатында іс-шаралар жүргізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – бітіруші түлектерге еңбек нарығында еркін бағдар жасап, заманауи онлайн ресурстарды тиімді пайдалана отырып жұмыс табуға бағыт-бағдар беру.
Үйрету жұмыстарын Түркістан қалалық Мансап орталығының білікті мамандары және колледждің IT мамандығының арнайы пән оқытушылары бірлесіп жүргізді. Мамандар студенттерге платформада жеке кабинет ашу, түйіндеме толтыру, бос жұмыс орындарын сүзгілеу және жұмыс берушілермен байланыс орнату жолдарын егжей-тегжейлі түсіндірді.

#

Comments are closed