Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет сарайында 2025 жылғы түлектерге арналған салтанатты бітіру кеші жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
✅ Жалпы 357 түлекке диплом табысталып, 11 үздік диплом иегері, 22 түлекке жұмыс берушілерден арнайы сертификаттар берілді.
🎓 Екі түлекке университет тарапынан тегін оқу гранты ұсынылды.
🤝 Дуальды оқыту аясында бірқатар жұмыс беруші мекемелер 22 түлекке жұмыс орнын ұсынды.
🌍 Шараға Өзбекстаннан арнайы делегация мен өңірлік мекемелердің өкілдері қатысты.
📸 Мерекелік кеш – түлектеріміздің жүрегінде жарқын естелік болып қалмақ.
✨ Барша түлекке сәттілік, жарқын болашақ тілейміз!
Comments are closed