📚 Құрметті студенттер мен колледж оқытушы-қызметкерлері!
17 қыркүйек күні колледж кітапханасында ерекше іс‐шара: «Кітап — достарын іздейді» атты буккроссинг ұйымдастырылды. Атақты ақын-жазушы Әбіш Кекілбаев:
«Адамды адам еткен — кітап, адамзат еткен — кітапхана» – деп айтқандай, әрқайсымыздың өз кітапханамызды қалыптастыруымыз маңызды.
Осы буккроссингке белсенді қатысуға шақырамыз!
🔹 Таңдау сізде: сыйлағыңыз келетін кітабыңызды әкеліп, басқа бір адамның қызықты кітабымен алмастырыңыз.
🔹 Кітап сыйласу арқылы жаңа достар табыңыз, өзіңізге ұнайтын жанрлармен танысыңыз.
🔹 Кітапханаңыз байып, рухыңыз байысын!
— Колледж кітапханасы

#

Comments are closed