2025-2026 оқу жылының 1 қазанында «Жалпы білім беру пәндері және дизайн» пәндік-циклдік комиссиясы «Жасанды интеллект және жастар: болашақты бірге құрамыз» тақырыбындағы айлық іс-шараның ашылу салтанатын өткізді.
📌 Ашылу барысында математика, физика, география және тарих пәндері бойынша түрлі тапсырмалар орындалып, студенттердің білімдері сыналды. Сонымен қатар, дизайн мамандығы бойынша арнайы көрме ұсынылып, шығармашылық туындылар көпшілік назарына ұсынылды.
🔹 Іс-шара соңында комиссия төрайымы сөз сөйлеп, айлық іс-шараның негізгі жоспары таныстырылды. Бұл бастама жастардың білімін арттырып қана қоймай, болашаққа жаңаша көзқарас қалыптастыруға бағытталды.

#

Comments are closed