20–25 қазан 2025 жылдар аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет сарайында «Уақыттан озған мұра – Жібек жолы» тақырыбында ауқымды көрме және ғылыми конференция өтті.
Шараның негізгі мақсаты – Ұлы Жібек жолының тарихи, мәдени және өркениеттік маңызын кеңінен таныту, ұлттық мұра мен заманауи сән өнерінің байланысын дәріптеу болды.
🎨 Колледждің «Киім дизайны» мамандығының студенттері көрмеге арнайы барып, сән өнері мен тарихи мұраның үндестігін өз көзімен көріп, шығармашылық шабыт алды.
Көрме барысында Өзбекстан және Түркия мемлекеттерінен келген қолөнер шеберлері мен суретшілер студенттерге арналған шеберлік сағаттарын өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Бұл кездесу студенттер үшін халықаралық деңгейде білім мен тәжірибе алмасудың тамаша мүмкіндігіне айналды.
Сонымен қатар, көрмеде ұлттық киім үлгілері, сәндік-қолданбалы өнер туындылары мен тарихи экспонаттар қойылып, конференция барысында дизайнерлер мен тарихшылар мәдени мұраның заманауи қоғамдағы рөлі туралы өз ойларын ортаға салды.
✨ «Уақыттан озған мұра – ұлт рухының мәңгілік айнасы!»

#

Comments are closed